ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертінен таңдандырған бес оқиға

Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертінен таңдандырған бес оқиға

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертінен таңдандырған бес оқиға

Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертінен таңдандырған бес оқиға

29 қараша күні Санкт-Петербургте қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Жалпы саны отыз шақты елден жанкүйерлер бірегей концертке куә болу үшін Ресейдің мәдени астанасына ұшып келді. Жерлесіміз әдеттегідей, бұл жолы да көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Димаштың Санкт-Петербургте ұйымдастырылған ARNAU атты бұл концертін қалай қорытындылауға болады? Біз кеш барысындағы бес жарқын сәтті атап өтсек деп шештік.
Фото: Еуразиялық фан топ
Алғашқысы, Димаш Құдайберген концертті, өз Отанының нағыз патриоты ретінде, Қазақстанның көрікті жерлері мен сұлу табиғатының фотосуреттерінен жасалған музыкалық слайд-шоудан бастады. Содан соң әнші көрермендерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде амандасып қарсы алды.
Астанадағы Хазрет Сұлтан мешіті
Сондай-ақ Димаш жанкүйерлеріне бояу түстерінің қойылымын ұсынды, яғни,  «Любовь уставших лебедей» әнін көпшілікпен бірге ән шырқағанда, жарықтардың шағылысуы, ойнауы керемет әсерге бөледі.
Үшінші, Құдайберген әулетіндегі талантты тек Димаш қана емес, оның інісі Мансур Құдайберген де оркестрімен бірге «Адай» күйін орындап, көрерменді таң қалдырды.
Төртіншісі тіпті қызық деуге негіз бар әрі Димашты жанкүйерлері неліктен жақсы көретінін де осы сын сәтте аңғарылды. Концерт кезінде кенеттен орын алған кішігірім техникалық ақау ұйымдастырушыларды біршама алаңдатқан болатын. Алайда, қазақстандық әнші еш қиналмады, көрермендерден кешірім сұрады да, оларды ашық та еркін әңгімеге тартты. Сауалдарға жауап беріп, көңіл жадырататын қалжыңдар айтты. Оның қарапайым ғана болмысы, адамгершілігі жанкүйерлерді Димашқа тағы да жақындата түсті.
Соңғысы, Димаш Құдайберген Индонезиядан келген фанатымен бірге «Ұмытылмас күн» әнін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Индонезиялық ару Петербургтің сахнасына шыққандағы әсерімен бөлісіп, көрермендерге алғысын білдірді.
Жанкүйерлер қосыла шырқаған қазақ тіліндегі тағы бір ән – «Махаббат бер маған» хитке айналды.
Жалпы, концерт өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды деуге болады. Димаштың келесі концерті Нью-Йоркте өтпек. 10 желтоқсан күні Американың «үлкен алмасындағы» Barclays Center аренасында қазақ баласының тағы бір бенефисін күтеміз.

Соңғы жаңалықтар

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...

Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Сәуірдің 6-сы күні американдық Channel Radio R радиосында Димаш Құдайбергеннің «When I've Got You» әні алғаш рет шырқалды. Бұл...