ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың жанкүйері Киевтегі концертке 36 сағат бойы ұшып келді

Димаштың жанкүйері Киевтегі концертке 36 сағат бойы ұшып келді

Dears Димаштың жанкүйері Киевтегі концертке 36 сағат бойы ұшып келді

Димаштың жанкүйері Киевтегі концертке 36 сағат бойы ұшып келді

Бірнеше сағаттан кейін Димаш Құдайбергеннің келесі концерті Украинаның қақ ортасында – ұлы Киев қаласында басталады.

ARNAU туры аясында Киев топырағына табан тіреген әншінің командасын бұл шаһар жылы, шынымен көктемгі күн райымен қарсы алды. Наурыздың жауыны әлсін-әлсін сіркірейді, ел астанасының атақты «Спорт сарайының» кіреберісіне жайбарақат жиналған жанкүйерлердің көңіл-күйі бе осы сәтпен сәйкес келеді. Көп ұзамай олар керемет шоудың сиқырлы атмосферасына енеді.

Кейбіреулер бұл концертке алғаш рет келіп отыр, сондықтан да олар алдағы эмоцияларын күтуде. Ал біреулері бұл күйді бұрын да бастан кешірген, сонда да Димаштың кешіне алыстан келіп отыр.


Бір шоудан соң жанкүйерлер бірден келесі концертке билет сатып алып жатады. Өйткені әр концерт ерекше, әр концерт бір әлем, әрқайсының қызықты бағдарламасы бар. Мұның бәрін әркім өз көзімен көргісі келеді. Жанкүйерлердің Димаштың ән әлеміне деген құштарлығы сол, олар әр қойылымда әншімен бірге қосыла шырқайды.

Айта кетейік, шоу Киевтегі әйгілі «Спорт сарайы» стадионында өтеді, оның сыйымдылығы 9800 көрерменге арналған. Спорт сарайы Киевтің дәл орталығында орналасқан және айрықша акустикасымен, сәнді сәулетімен танымал.

1960 жылы ашылған бұл стадионда 16 әлем чемпионаты, 30-ға жуық Еуропа чемпионаты, 440 Гран-при турнирі, 210 көрме мен жәрмеңке, 4000-нан астам концерт, сондай-ақ мұз шоулары мен фестивальдер өткен.

Әйгілі стадионның сахнасында әлем жұлдыздары мен топтарының ізі қалған. Мәселен, Backstreet Boys, The Black Eyed Peas, Deep Purple, a-ha, Jamiroquai, Моби, Muse, Korn, Judas Priest, Placebo, The Prodigy, The Rasmus, Кристина Агилера, Анастейша, «Ария», Ленни Кравиц, Крис Ри, Лара Фабиан, Depeche Mode, Адам Ламберт, Бритни Спирс, Дженнифер Лопес, Garbage, ATB, Thirty Seconds to Mars, Twenty One Pilots. Ал бүгін Димаш Құдайберген осы тізімге қосылады.

Концерттің алдында DimashNews тілшісі Димаштың жаңазеландиялық жанкүйерімен кездесті. 60 жастағы Карен Маги Киевтегі концертке 36 сағат бойы көкте ұшып, 4 трансфер жасапты. Ол әншінің барлық дерлік қойылымдарына қатысқан. Тіпті, жолдың ұзақтығы да оған кедергі бола алмайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...