Латвия радиосында Димаш айы жарияланды немесе «Інжу-маржан сәулесі»

1140

PIK100FM радио ұжымы Dimash Latvia Dears фан клубымен бірлесіп,  2020 жылдың қазан айын Латвиядағы Димаш айы деп жариялады. Бұл істі жүзеге асыруға ықпал еткен радионың музыкалық редакторы – Симона Летоваға Димаштың латвиялық жанкүйерлері арнайы барып, кездесті. Пікір алысып, сұқбат жүргізді.

«Жас та болса әлемге әйгілі әншінің шығармашылығымен мен де таныспын. Оның өнері мені де бей-жай қалдырмады, ерекше әсер етті. Сондықтан, Латвия фан-клубымен бірлесе отырып, оның екі әнін өз радиомыздан беруге шешім қабылдадық. Ол композитор Игорь Крутойдың Михаил Гуцериев, Лара Фабианмен бірлесіп жазған «Любовь уставших лебедей» және «Your love» әндері. Бұл тыңдармандардың назарын аударды. Одан соң Лиго мерекесіне орай латвия аудиториясына қазақ тілін таныту үшін  Димаштың өз ана тілінде орындаған «Дайдидау» әнін қойдық.  Бұл туынды бірден негізгі радионың негізгі әндер тізіміне енді. Ал қытай тіліндегі ән біздің Латвия халқы үшін таңқаларлық әуен болды. PIK100FM радиосы Латвия жұртшылығына Димаштың қазақ, қытай тіліндегі әуендерін жеткізді. Димаштың төрт тілде шырқаған әндері радиодан жаз бойы берілді. Осы уақытта әлемнің әр еліндегі тыңдармандардан жылы лебіздер мен алғыс пікірлер ағылды»,- дейді музыкалық редактор.

Симонаның айтуынша: Қыркүйек айында жиналып, келесі айды, яғни қазан айын Димаш Құдайбергенге арнаймыз деген идеяны ортаға салынған. Енді күн сайын радиожелі арқылы оның 5 әні шырқалады. Ішкі талап бойынша бір әншінің туындысы тәулігіне 5 рет қана беріледі.

«Күз – көңілсіздік мезгілі. Оның үстіне қазір жұмыс, тұрмыспен жүрген жандарға ерекше серпін қажет. Бұл уақытта Димаштың әндері бізге шабыт, ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады. Оның үнін музыкалық терпаия десе де болады. Екйде өзім де «жап-жас қазақ әншісінің феномені қандай?» деп ойлаймын. Құдыреті неде?

Содан кейін менің ойыма қызықты салыстыру келеді. Сіз білесіз бе, айқұлақты (устрица) әр жерден аулап жегенде олардың дәмі әр түрлі болады. Бірақ ол сол жерде естен шығып кетеді. Ал, бақалшақтың ішінен інжу-маржан тауып алсаңыз ше? Есіңізден мәңгі кетпейді. Радиодағы әндер жиынтығы да осындай. Музыка біздің өміріміз үшін маңызды рөл атқарады.

Адамның кейде ұнжығасы түсіп, көңілін кірбің басады. Осындай сәтте Димаштың дауысын ести қалсаң еріксіз қозғалыссыз қаласың. Еріксіз елти бересің және жадыңда жатталып қалады.  Музыка саласында менің де тәжірибем бар. Қазір енді ән шырқап жүрмін, тіпті қытай тілінде де. Әншінің музыкалық стилі талғамына сай тыңдарманын тәрбиелейді. Мұның барлығы радиоға шуақ шашқандай әсер етеді. «Інжу-маржан сәулесі» эффектісі десе де болады.

Сонымен, 1 қазаннан бастап Латвияда PIK100FM радиосында үлкен ротация кезеңі басталды. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін Димаш Құдайбергеннің 5 әні шығады. Небәрі 30 күн ішінде белгілі бір уақытта150 рет қою кестесі жасалды.

Әндер тізімі бес күн сайын өзгеріп отырады. Сөйтіп қазақ ұлының 15 түрлі әуені Латвияда әуелейді. Оның ішінде тыңдаушылардың сүйікті шығармалары мен жаңа туындылар бар.  Алғашқы онкүндікте махаббат туралы әндер қойылады. Одан кейін тақырыптар ауысып отырады. Бұл туралы толық ақпаратты PIK 100FM радиосының Facebook, Instagram-дағы ресми парақшасынан және Dimash Latvia Dears парақшасынан оңай табуға болады. Ол жерге сіз Димаштың репертуарындағы сүйікті әндеріңіздің тізімін жазып, пікір қалдыра аласыз. Келесі онкүндіктегі туындыларды қойғанда сіздің де ұсынысыңыз ескерілетін болады.

Біздің радионы әлемнің әр түпкірінде жүріп тыңдай аласыз. Интернет желісі қосулы болса болғаны. www.pik.lv ресми сайтының «Online» бөліміне кіріп, «Комментарии» бөлігіне пікір қалдырсаңыз болады»-дейді Симона Летова.

Dimash Latvia Dears фан клубының жанкүйерлері Димаштың шығармашалығын дамытуғы үлес қосқан Латвияның ерекше форматты PIK100FM радиосының ұжымына алғыс білдіреді. Ал музыкалық редактор Симона Летоваға құрметі ерекше!

 

Марина Улмане
Dimash Latvia Dears