Басты бет Dimash World 36 елдің Dears жанкүйерлері Димаштың концертіне билеттерді алғашқы 15 минутта сатып алды

36 елдің Dears жанкүйерлері Димаштың концертіне билеттерді алғашқы 15 минутта сатып алды

14 шілдеде Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне билеттер сатыла бастады. Ticketon ақпараты бойынша, алғашқы 15 минут ішінде шоуға билеттерді әртістің әлем бойынша 36 елдегі жанкүйерлері сатып алған.

Димаш өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында Dears-ке алғысын білдіріп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты:

«Билеттер сатылымының басталғаны хабарлаған соң, 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен Dеars билеттерін сатып алды.Бүгін билеттер сатылымының 2 ші күні басталды.Одан да көп қонақтар болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рахмет! Барлықтарыңызды жақсы көремін! 23 қыркүйекте Алматыда»

Димаштың «Stranger» концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.

Билеттерді сатып алу: https://ticketon.kz/event/dimash-kudaybergen-v-almaty