Басты бет Басты жаңалық Абай Құнанбаевқа – 176 жыл

Абай Құнанбаевқа – 176 жыл

Абай Құнанбаевтың туған күніне орай Baqytty Bala байқауының қазылар алқасы ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Конкурсанттар «Baqytty Bala-2021» байқауының екінші кезеңіне дайындықты бастап кетті. Осы кезде қазылар алқасы ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне тәу етіп, гүл шоқтарын қойды.

Қазылар алқасының бастап апарғандар қатарында Ақтөбе филармониясының директоры Елубай Кенжалиев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев және «Славян базары-2021» Гран-при иегері Рухия Байдукенова болды.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қазақстандықтар шетелдік қонақтарға Абай мұрасының маңызы туралы әңгімелеп берді. Қазақтың ұлы ақыны иуралы білетін Болгариядан келген Николай Текелиев пен Өзбекстандық әнші Сильвия Андрианалариманга бұл шарада ақын туралы тың деректерді білді.

Ақтөбенің орталығы Абай даңғылы мен Есетбатыр көшесінің қиылысындағы монументтің биіктігі алты метрден асады. Ескерткіш 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жас мерейтойы құрметіне орнатылған.