Басты бет Dimash World Димаш Құдайбергеннің жүзге жуық жанкүйерлері әртістің қазақша әндерін орындады

Димаш Құдайбергеннің жүзге жуық жанкүйерлері әртістің қазақша әндерін орындады

Әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайбергеннің жүзге жуық жанкүйерлері концертке санаулы сағаттар қалғанда Мұз сарайының холында әншінің шығармаларынан флеш-моб ұйымдастырды.

«Махаббат әнін бер маған» әнін орындаған олардың бейнетаспасы әлеуметтік желілерге таралып, мыңдаған көрсетілім жинауда.

Еске сала кетейік, 29 қараша күні Санкт-Петербургте Арнау турнесінің аясында аты аңызға айналған әншінің екінші жеке концерті өткен болатын.