Басты бет Dears Әлемнің 38 тіліндегі «We’re Golden»

Әлемнің 38 тіліндегі «We’re Golden»

Жуырда жүздеген Dears «Алтын» флеш-мобына қатысып, «Golden» бейнебаянының басты кейіпкері киген бетпердені «киіп көрді». Ал әннің сөзіндегі «Біз – алтынбыз» негізгі тіркесі 38 тілде шырқалды.

Димаштың «Golden» әніне арналған музыкалық бейнебаяны шыққаннан кейін әнші Инстаграмда жаңа бетпердені ұсынды, онда біз бейнебаяндағы басты кейіпкер мен оның серіктестерін көрдік.

Көптеген азаматтардың айтуынша, беделі күмән тудырарлық ірі ұйымның штаб-пәтеріне хакерлік шабуыл жасағаннан кейін, басты кейіпкер әділеттілікті қалпына келтіруді шешеді. Өйткені, ұйымның басшылары халықтың ақшасын ұрлаған алаяқтар болып шығады.

Нәтижесінде мыңдаған адам басты кейіпкер жағына шығып, барлығы біріге отыра зұлымдықты жеңеді.

2 ақпанда Димаш өзінің ресми Instagram парақшасында «Golden» бейнебаянының кейіпкерлері киген жаңа фильтр – бетпердені ұсынды. Dears-ке алтын бетперде ұнағантықтан қызықты флеш-моб ұйымдастыруға шешім қабылдады: онда суретке түсіп, ана тілінде әннің сөзіндегі «We’re Golden» негізгі сөз тіркесін айту болатын.

Осылайша, YouTube-те жарияланған флешмобтан сіз ғаламның әр түкпіріндегі 356 Dears–ті көре аласыз және әлемнің 38 тілінде «Біз алтынмыз» деген сөзді естуге мүмкіндігіңіз бар.

 

Қазақстандық әнші осы флешмобтан қатты әсер алып, Dears-ке оны шабыттандыратын осы бейнелері үшін алғысын білдіретін өз пікірін қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Golden» музыкалық бейнебаянының премьерасы 31 қаңтарда өтті. Композицияның өзін музыкалық ағынды платформаларда тыңдауға және сатып алуға қол жетімді: Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және басқалар.