Басты бет Dears Аргентиналық Dears Димаш Құдайбергенге арналған ойындар жасады

Аргентиналық Dears Димаш Құдайбергенге арналған ойындар жасады

La Era Dimash радиосының қызметкерлері әнші шығармашылығының жанкүйерлеріне карантин уақытын көңілді өткізуге көмектесетін веб-ойындар сериясын шығарды.

Шағын ойын жасау идеясын La Era Dimash станциясының негізін қалаушы Паола Профета ойлап тапты. Ол радионың графикалық дизайнына жауап беретін Сильван Агирреден көмек сұрап, әрі қарай олар біріге отыра ойындарды безендіруге арналған суреттерді таңдай бастады. Мысалы, Бәйтерек немесе Ақтөбе қаласының көрікті жерлері.

Ойындар өте қарапайым қосымшаның көмегімен жасалды және оларды тегін ойнауға болады. Dears-тің жаңа La Era Dimash жобасына деген көзқарасы оң болды. Әр түрлі жастағы қазақстандық орындаушының жанкүйерлері бұл іске риза болды, өйткені ойындар жеңіл және бос уақытты көңілді өткізуге көмектеседі.

Қазір La Era Dimash-та басқа да ойын-сауық жобалары дайындалуда. Димаш және Қазақстанның мәдениеті туралы викторина-қосымшаны құруды әйелдер қауымы жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала өтейік, 2020 жылдың 14 шілдесінде Димаш пен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash атты алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін радиостанция құрылды. Димаштың әндері ғана орындалатын радио ашу туралы идея оның аргентиналық жанкүйері Паола Профетаға 2019 жылдың тамыз айының соңында келді. Бойжеткенді Латын Америкасынан да, бүкіл әлемдегі Dears белсенді түрде қолдады, осылайша станцияны іске қосу процесін жеделдетті.

«Біз осыдай қиын-қыстау уақытта сүйікті әншімізге арналған видео ойындар жасау Dears үшін дұрыс болады деп ойладық. Осылайша, көптеген адамдар жақсы музыкамен бірге бос уақыттарын көңілді өткізуге мүмкіндік алды», – деп бөлісті Паола Профета.

Ойындарға сілтеме:

GOLDEN TOP (TOWER)
https://gamemakery.com/11/QrhzwiRB

SLIDING PUZZLE
https://gamemakery.com/12/N6mwQ7FI

JUMPER DI
https://gamemakery.com/10/jY1hquMc

FLYING HIGH
https://gamemakery.com/3/OFcyaRhy

Hit the villain
https://gamemakery.com/19/PcZAsRrE