Басты бет Басты жаңалық «Арманыңнан бас тартпа»: Ақтөбе қаласы Baqytty Bala байқауын бесінші рет өткізуде

«Арманыңнан бас тартпа»: Ақтөбе қаласы Baqytty Bala байқауын бесінші рет өткізуде

13 тамызда Димаш Құдайбергеннің туған жері «Baqytty Bala-2023» V ашық балалар вокал фестивалі-байқауына қатысушылар мен қонақтарды қарсы алды.

Дәстүрлі танысу кеші «Green Land» демалыс аймағында өтті. Байқаудың Гран-приі үшін күресуге дайын Қазақстан, Ресей, Эстония, Испания және Маврикий Республикасының финалистері бір-бірімен танысып, өздері және елдері туралы қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Шетелден келген қатысушылар Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктеріне үлкен қызығушылықпен үңілді. Әр қонақ қазақ тілінде сәлемдесті. Қазақстандық қатысушылар да қонақтарға көмектесті. Мысалы, алыс Маврикий Республикасынан келген қатысушы Еванжелика Батаршина «Кездесу үшін рақмет» деп қазақ тілінде ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Қатысушылар байқау туралы қайдан естігендері туралы бөлісті. Испаниялық Люсия Касани, әлеуметтік желілерде көргенін және бұл байқау үлкен тәжірибе деп санайды.

Ресейден келген Анастасия Калюжная, Краснодар Димаштың жанкүйері екенін айтты, оны ерекше әнші деп санайды, Краснодардағы концертке қаншалықты қуанғанын есіне ала отырып, “Baqytty Bala» сияқты қызықты байқаудың бір бөлігі болғанына өте қуанышты екенін баса айтты.

Жарыс бағдарламасының жеребе тарту рәсімі көңілді өтті – қатысушылар сандары бар кубоктарды доппен ұрып, пинг-понг түрімен өздеріеәң бақытты нөмірлеріе алды. Бірінші болып өнер көрсету құрметі Астанадан келген қатысушы Амантай Айғанымға берілді.

Жарыс басталмастан бұрын Петропавлдық қатысушы Дана Баскенова «Арманыңнан бас тартпа» деп әдемі жеткізді. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, армандарыңыз орындала берсін дегіміз келеді!