Басты бет Басты жаңалық Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala («Бақытты бала») халықаралық вокалдық байқауының финалистерінің тізімі белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша бас жүлде үшін 7 елдің жас вокалистері бақ сынайды. 

Baqytty Bala – Қазақстанда жыл сайынғы өтетін жалғыз балалар вокалдық конкурсы, оған қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінен балалар шақырылады.

10 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген бала қай елде тұратынына қарамастан, онлайн бейне-өтінім жібере алады, оның ішінен Димаш пен оның командасы 20 финалистті таңдайды.

Бірінші жылы конкурсқа қатысуға 400-ден астам, екінші жылы 10 елден 1000-ға жуық өтінім келіп түсті.

Өткен жылы пандемия мен локдаунға байланысты конкурс өткізу мүмкін болмады. Міне, 2021 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі, «Хабар» телеарнасы мен DimashAli шығармашылық орталығы көптен күткен Baqytty Bala-ның қайтып оралғаны туралы қуана хабарлады.

Бұл жолы өтінімдер әлемнің 12 елінен келіп түсті. Финалға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Болгария, Польша және Грециядан 20 жас вокалист өтті.

7 тамызда олар Ақтөбеде кездеседі, олар жаңа «Өнер орталығында»-қаланың басты сахнасында байқаудың бас жүлдесі үшін бақтарын сынайды.

Baqytty Bala-2021 финалистері:

Искендер Гасанзаде – Әзірбайжан, Баку
Милан Пономаренко – Ресей, Мәскеу
Анна Глотова – Ресей, Екатеринбург
Армен Саакян – Қазақстан, Ақтау

Есет Әлжан – Қазақстан, Нұр-Сұлтан
София Салвариду – Грекия, Салоники
Ислам Қыстаубай – Қазақстан, Ақтөбе
Адель Кунадилова – Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Махинур Тұрсынова – Қазақстан, Алматы
Әмина Құрбанова – Қазақстан, Атырау
Юлианна Кытова – Польша, Варшава
Дильнара Мусина – Қазақстан, Ақтөбе

Айлун Заушева – Қазақстан, Тараз
Тимур Тян – Қазақстан, Қызылорда
Элизабет Захариева – Болгария, Плевен
Ақнұр Нұржанова – Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Мейрамбек Шалхарбай – Қазақстан, Түркістан облысы
Кристина Душутина – Украина, Киев
Камила Ғазизқызы – Қазақстан, Нұр-Сұлтан
Алинур Хамзин – Қазақстан, Орал

Байқаудың гала-концерті 11 тамыз күні сағат 17:00-де өтеді. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады: https://ticketon.kz/event/bagytty-bala