Басты бет Dimash World «Be With Me» алғаш рет Kiryu FM жапон радиосында

«Be With Me» алғаш рет Kiryu FM жапон радиосында

3 маусымда Kiryu FM жапон радиостанциясының «More Music» бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің «Be With Me» және «Знай»әндері орындалады.

31 Мамырда Kiryu FM радиосының ресми твиттер-аккаунтында «More Music» бағдарламасының жаңа шығарылымының анонсы жарияланды. Оның «World Music Scene» атты айдары бұл жолы қазақстандық музыкаға арналады.

Эфирде Ziruza («Kobelek» – «Көбелек»), Ninety One («Qiyalman» – «Қиялмен») және Димаш Құдайбергеннің («Be With Me» және «Знай») әндері орындалады.

3 маусымдағы эфир уақыты:
Токио уақыты бойынша 19:06-дан 19:59-ға дейін;
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:06-дан 16:59-ға дейін;
Мәскеу уақытымен 13:06-дан 13:59-ға дейін.

4 маусымдағы ретрансляция уақыты:
Токио уақыты бойынша 11:06-дан 11: 59-ға дейін;
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:06-дан 8:59-ға дейін;
Мәскеу уақыты бойынша 6:06-дан 6:59-ға дейін.

Димаштың әндері Жапониядағы ең танымал радиостанциялардың бірінде бесінші рет шырқалып отыр.

2020 жылғы 17 желтоқсандағы More Music радиошоу эфирінің жүргізушісі Като Казуджи қазақстандық орындаушының шығармашылығымен танысқанына қуанышты екенін айтты. Оның пікірінше, әннің эмоциясын дауыс арқылы толық жеткізе алатын әншілерді сирек кездестіруге болады.

2020 жылдың 31 желтоқсанында Димаштың «Olimpico» әні сол жылы «More Music» бағдарламасының соңғы шығарылымын аяқтады. Содан кейін радио жүргізушілері оның музыкасымен танысқандарына өте бақытты екендіктерін айтып бөлісті.

«More Music» шоуын онлайн режимінде fmplapla.com/fmkiryu/ сілтемесі бойынша тыңдауға болады немесе қосымшаны AppStore және GooglePlay-ден жүктей аласыздар.