Басты бет Dimash World «Бұл өмір туралы баллада»: Димаш «Өмір» атты жаңа бейнеклипін ұсынды

«Бұл өмір туралы баллада»: Димаш «Өмір» атты жаңа бейнеклипін ұсынды

24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады.

«Өмір» – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы, онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді бір-бірден сұрыптап, сол туралы әңгімелейді.

Дыбыссыз реңктерде орындалған музыкалық бейне MOOD video жанрында түсірілген.

Клипті қарау кезінде көрермендер проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді, онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерді тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, «I am Singer» байөауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears, қызықты адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері туралы…

Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей.

«Өмір» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдармандарыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы», – деп бөлісті әртіс.