Басты бет Dears Dears бірікті: «DIMASH DIGITAL SHOW»-ның алдындағы соңғы апта нәтижелері

Dears бірікті: «DIMASH DIGITAL SHOW»-ның алдындағы соңғы апта нәтижелері

Алдағы сенбі күні, яғни 16 қаңтарда Димаштың алғашқы онлайн-концерті өтеді. Қазақстандық орындаушы шығармашылығының көптеген жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears-тердің күш-жігерінің арқасында осы іс-шараны көруге мүмкіндік алды. 

2020 жылдың 3 желтоқсанында «DimashAli» шығармашылық орталығы TIXR америкалық стримингтік платформасында Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концертінің өтететінін жариялады.

Шоу қайырымдылық сипатқа ие. Билеттерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігі Project C.U.R.E. – бүкіл әлем бойынша медициналық материалдар мен жабдықтарды жеткізумен айналысатын коммерциялық емес қайырымдылық ұйымына беріледі. Ұйым түскен ақшаға коронавируспен күресуге көмектесетін медицина қызметкерлері үшін қажетті медициналық жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алады.

Бұл туралы білген бүкіл әлемдегі Dears-тер тек өздеріне ғана емес, мұндай мүмкіндігі жоқ басқа да Димаш шығармашылығының жанкүйерлеріне билет сатып алып, қайырымдылыққа қатысқысы келді.

Осылайша, Dears-тердің көптеген сұраныстарының арқасында dimash.tixr.com-да жаңа опция пайда болды. Билет пакеттерін сатып алу қол жетімді болды. Енді сіз бір уақытта 2 немесе 4 билет сатып алып, оларды достарыңыз бен жақындарыңызға бере аласыз. Қайырымдылық акциясын MTV арнасы да қолдады. Оның қожайыны Кеван Кенни «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің көрермендері арасында 100 тегін билет ойнатты.

«DIMASH DIGITAL SHOW» – на билеттерді төмендегі сілтеме бойынша сатып алуға болатынын естеріңізге саламыз: dimash.tixr.com. Концерттің жазбасы 16 қаңтардан 23 қаңтарға дейін қол жетімді және оны бірнеше рет қайталап қарауға мүмкіндігіңіз бар.
«Барлығымыз үшін осындай қиын уақытта менің сүйікті Dears-терімнің бір-біріне көрсеткен қолдаулары маған қатты әсер етті. Менің алғашқы онлайн  концертімді көптеген адамдарға көруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен рахмет. Алдағы шоу толықтай көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін!», – деп бөлісті Димаш.

Бұл Dears-тің қайырымдылық акцияларын өз бетінше ұйымдастырып және оған қатысқан алғашқы бастамалары емес. Осындай қиын-қыстау кезеңде бүкіл әлемдегі Димаш шығармашылығының жанкүйерлері шетте қалғысы келмей, ауруға қарсы тұру үшін және өте қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесу үшін бірікті.

Карантиннің алғашқы күнінен бастап Dears вируспен күрескен алдыңғы қатардағы адамдарға жеке қорғаныс құралдарын таратты. Қайырымдылық ұйымдары мен медициналық мекемелерге қаржылай қолдау көрсетті. Мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмектесіп, қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражат жинады. Тіпті кейбір Dears мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін өз қорларын ашты.

Қазақстандық әртіс өз пікірін білдірді: Димаш Dears-ті мақтан тұтады және олардың игі істері мен керемет қолдаулары оның шығармашылық қызметінде жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіретінін бірнеше рет мәлімдеді.