Басты бет Dimash World Димаш «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Димаш «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Димаш Құдайберген АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны-New York Film Academy-де «Режиссура» мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді.

28 желтоқсанда «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен 178 қазақстандыққа стипендия берілді.

«Халықаралық стипендия иегерлері әлемнің 20 елінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында академиялық оқудан және тағылымдамадан өтеді. 93 адам АҚШ университеттерінде, 47 адам Ұлыбританияда білім алады. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі басталды. Негізгі назар инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға аударылады»,-деп атап өтті халықаралық бағдарламаның баспасөз қызметі.

«Болашақ» стипендиялық бағдарламасы Қазақстан азаматтарына ел бюджеті есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқудан өтуге мүмкіндік береді. Бағдарлама 1993 жылы құрылды және елдің дамуы үшін басым болып табылатын мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға бағытталған.