Басты бет Dimash World Dimash in Dubai: пандемиядан кейінгі алғашқы концерт

Dimash in Dubai: пандемиядан кейінгі алғашқы концерт

2022 жылғы 25 Наурызда Димаш Құдайберген екі жыл бойы жалғасып келе жатқан әлемдік пандемиядан кейін өзінің алғашқы жеке концертін береді. Ауқымды және көптен күткен шоу Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубайда өтеді.

Концерт әртіс үшін де, оның шығармашылығының жанкүйерлері үшін де ең жарқын және ұмытылмас оқиғалардың бірі болады.

Шоу Таяу Шығыстағы ең үлкен кондиционерленген арена – Coca Cola Arena-да өтеді. Ол ірі халықаралық әртістерді қабылдай алады, сондай-ақ түрлі спорттық іс-шаралардың толық спектрін өткізе алады.

Coca-Cola Arena Дубайдың жүрегі – City Walk ауданында орналасқан.

Dimash In Dubai концерті барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі.

Концертке билеттерді келесі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://band.link/Dimash_Qudaibergen

Сондай-ақ келесі сайттарда:

1. https://tickets.virginmegastore.me/ae/music/14457/dimash-in-dubai?ref=list
2. https://ae.bookmyshow.com/events/dimash-in-dubai/ET00008231