Басты бет Dimash World Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

10 ақпанда Астанада жыл сайынғы «Халықтың сүйіктісі» «Народный любимец» «National Lovely Person» Ұлттық сыйлығын табыстау рәсімінің он екінші кезеңі өтті. Үш дүркін лауреат атағын алған Димаш Құдайберген бұл рәсімде арнайы сақинамен марапатталды.

«Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығы рәсімі тарихында осыған дейін эксклюзивті қола мүсіндер көптеген қатысушыларға табысталған болатын. Осы жылдар ішінде өз алаңында мықты, халыққа танымал және халықтың сүйіктілері сыйлықтың лауреаттары атанып келеді. Ал, 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысқан еді.

Марапаттардың қатарында құрметті және арнайы номинациялар да болды. Биылғы жылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне берілетін «Алтын ғасыр» құрметті номинациясы қазылар алқасы тарапынан бір ауыздан «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының төрағасы Қасымов Сабыр Ахметжанұлына берілді. Сондай-ақ, «Ауыл футболы» балалар спорттық жобасы «Табыс және даму» номинациясы бойынша марапатталды.

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталды. Құрмет грамотасы мен арнайы сақина «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаевқа табысталды.