Басты бет Dimash World Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Сүйінші! Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды! Қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығының «Открытие года» номинациясын ұтып алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Ал мұны Ресей Федерациясының ұлттық музыканы қолдау қорының сарапшылары анықтап, тағайындайды. Бұл номинацияны 2015 жылы Юлианна Караулова мен Егор Крид иеленген болса, 2016 жылы Ростислов Мудрицкий алған. Бүгін Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында сыйлық жеңімпаздарының есімдері жазылған арнайы конверттер салтанатты жағдайда ашылды. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісі Димаш Құдайберген де бар. Айта кетейік, әр жылдың соңында «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер және ірі медиа холдингтердің басшылары таңдалады.