Басты бет Dimash World Димаш қазақстандық «Тикетон» сыйлығын екі номинацияда жеңіп алды

Димаш қазақстандық «Тикетон» сыйлығын екі номинацияда жеңіп алды

2023 жылғы 10 наурызда мәдениет, өнер және спорт саласындағы жыл сайынғы «Тикетон» сыйлығы дауыс беруді қорытындысын шығарды. Димаш Құдайберген бірден екі номинация бойынша көшбасшы атанды.

«Тикетон» мәдени сыйлығы – Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті, өнері, спорты және қоғамдық өмірі саласындағы талантты қайраткерлердің жетістіктерін көрсетуге және қолдауға бағытталған жыл сайынғы іс-шара.
Сыйлық кино, гастрольдік іс-шаралар, концерттер, театр, спорт, балаларға арналған іс-шаралар және т.б. сияқты мәдени өмір салаларын қамтиды.

Димаш 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда өткен «Stranger» жеке концертімен «Қазақстанның жыл әртісі» және «Жыл эстрадалық концерті» номинацияларында жеңіске жетті.

Бұл әртістің Ticketon сыйлығын бірінші рет жеңіп алуы емес. Ол бірнеше рет «Қазақстанның жыл әртісі» көшбасшысы болды, сонымен қатар Димаштың өз елінде өткізген үлкен жеке концерттері жылдың үздік эстрадалық концерттері ретінде Қазақстан сыйлығымен марапатталды – «Арнау» шоуы, 2019 және «Бастау, 2017».

Димаштың жанкүйерлеріне әртістің шығармашылығына қолдауы мен үлкен қызығушылығы үшін алғыс айтамыз!