Басты бет Dimash World Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Димаш Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальяндық режиссер Пьерджузеппе Зайидің «Creators: The Past» көркем фильмінің басты тақырыбы – «Across Endless Dimensions» композициясымен өнер көрсетті.

Сондай-ақ, әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – «Жасмин» орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі «My Heart Will Go On» композициясын – «Титаник» кинофильмінің саундтрегін орындады.