Басты бет Dimash World Димаш Құдайбергеннің суреті – Нью-Йорктегі Barclays Arena-да

Димаш Құдайбергеннің суреті – Нью-Йорктегі Barclays Arena-да

Аты аңызға айналған Barclays Center спорт аренасы АҚШ-тың Бруклин ауданында орналасқан. Сахнасы мен залы заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимараттың іргесі 2012 жылы қаланған.

Сонымен қатар салтанатты сәулетімен, бірегей архитектурасымен таң қалдыратын стадионды әйгілі Ellerbe Becket компаниясы тұрғызған. Спорт аренасының әкімшілігі әйгілі баскетбол командаларының стадиондары – Бостон Селтикс, Сан-Антонио Сперс, Шарлотта Хорнетс және басқалармен әріптестік негізде жұмыс істейді.

Barclays Center-де спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде 19 мың адам сыятындығына қарамастан, үнемі ине шаншар орын болмай жатады. Өйткені, онда ұйымдастырылатын басқосулар қашан да маңызды, салмақты болып келеді.

Стадионның дизайны шынымен ерекше, таңдай қақтырады. Сәулетшілер өз жобаларында Бруклиннің стилі мен атмосферасын жеткізуді мақсат еткен. Бұл функция стендтерді жартылай жауып, олардың үстінен тегіс созылатын алып шыны құрылымында ерекше байқалады. Ол кірпішке ұқсайтын арнайы тор тақталарынан тұрады.

Өздеріңіз білетіндей, кірпішпен салынған ғимараттар Бруклиннің маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

Жақында Barclays Center-дің дәлізіндегі әлем елдеріне танымал көптеген жұлдыздардың қатарына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің де портреті ілінді.