Басты бет Dears Димаштың дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды

Димаштың дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды

25 сәуірде Уругвайдың Maxima FM 97.7 радиостанциясында Димаштың «Together» синглы шырқалды. Бұл қазақстандық әртістің Уругвай радиосындағы алғашқы таратылымы.

Maxima FM 97.7-Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанциясы. Радио елдің соңғы жаңалықтары мен қызықты оқиғаларын, сондай-ақ әр түрлі жанрдағы музыканы таратады.

Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған «Together» соңғы шыққан композициясы Уругвайлық Dears-тің белсенді сұрауларының арқасында «Los recomendables» бағдарламасында орындалды.

Радио жүргізушісі Эмина Димаштың Уругвай фан-клубына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, оны осындай таңғажайып әртістермен мүмкіндігінше жиі таныстыруды өтінді.