Басты бет Dimash World Димаштың фанаттары әсерлерімен және қазақстандық музыканттың шығармашылығы туралы ойларымен бөлісті

Димаштың фанаттары әсерлерімен және қазақстандық музыканттың шығармашылығы туралы ойларымен бөлісті

Концерт алдында қонақтар арнайы фанаттар жиналысында бас қосты. Оған түрлі елдерден 250-ден астам адам жиналды. Әншінің табынушыларының мұндай отырысын өткізу – жанкүйерлер арасындағы ерекше дәстүр. Бұл жолы кешті петербургтік Dears қолдауымен Еуразиялық фан клуб ұжымы ұйымдастырды. Ресейдің ең ірі аймағы Сахалиннен келген қонақтар концертке дейін арнайы фан-кездесуге қатысып, өз әсерлерімен және қазақстандық музыканттың шығармашылығы туралы ойларымен бөлісті.
@lanadimash
«Біз Димашты тұлға ретінде құрметтейміз. Қазіргі өмір ағынын асығыстық пен ресмилік басып кетті. Ал мен тазалықты, шынайылықты жақсы көремін. Бұл қасиеттерді Димаштың бойынан айқын көреміз. Нағыз өнердің адамдарға жақсы да асыл қасиеттерді сіңіретін тәрбиелік мәні болуы керек. Біз, якуттар қазақ бауырларымызға өте ұқсаспыз. Біз де түркінің ұрпағымыз. Әсіресе, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізде байланыстар көп. Сондықтан біз Димаштың шығармашылығын ғана емес, оның өзін де жақсы көреміз. Оның тәрбиесі, жан-жақтылығы, дүниетанымы қызықтырады. Біз оның халқы туралы, елі туралы қалай сөйлейтініне, жанкүйерін қалай құрметтейтініне таңданамыз. Димаш – еліктеуге, табынуға, әніне сүйсінуге тұратын жан. Ол ұлттыр достығын нығайтты. Ол елдер арасындағы алтын көпір іспетті. Оның арқасында біз әртүрлі елдерден достар таптық. Біздің фан-клубымызда әр түрлі жастағы адамдар жиналған, ал Димаштың арқасында біз әртүрлі елдерге саяхат жасаймыз. Біз оның барлық концерттеріне қатысамыз, жіберіп алмауға тырысамыз. Сол үшін де бүгін біз Санкт-Петербургтегі концертке ұшып келдік. Осындай сапарларда біз әрқашан мәдениетті қастерлеуге, басқа елдер өкілдеріне салт-дәстүрлерімізді таныстыруға тырысамыз. Біз әрдайым ұлттық киімдерімізбен немесе зергерлік бұйымдарымызбен концерттер мен фанаттар кездесулеріне келеміз. Біздің фан-клубтың негізін қалаушы Елена Шишигина якуттың ұлттық аспабы – хомуста ойнайды. Осылайша, біз Димаштың шынайы жанкүйерлері ретінде, сондай-ақ ол біздің мәдениетті әлемге тарататындығын көрсеткіміз келеді», – деді якут фан-клубының өкілі Елена. Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада Санкт-Петербургтегі Мұз сарайының сахнасында аты аңызға айналған қазақ әртісі Димаш Құдайбергеннің концерті өтті.