Басты бет Dears Димаштың Мексикалық жанкүйерлері Үш патша мерекесіне орай балаларға ойыншықтар сыйға тартты

Димаштың Мексикалық жанкүйерлері Үш патша мерекесіне орай балаларға ойыншықтар сыйға тартты

5 қаңтарда Мексикадан келген Dears «El Juguetón» («Ойыншылық») қайырымдылық жобасы аясында мұқтаж отбасылардың балаларына ойыншықтар сыйға тартты. Ойыншықтар елдің түкпір-түкпірінен келген балаларға беріледі.

«El Juguetón» («Ойыншылық») жобасы 1994 жылы Azteca TV-дегі әйгілі мексикалық журналист Хорхе Гарралда екі апалы-сіңліден хат алған кезде құрылған. Қыздар 6 қаңтарда үш патша мерекесі күні оларда ойыншықтар мүлдем жоқ екенін жазған.

Үш патша мерекесі-мексикалық балалар үшін ең қуанышты және көңілді мерекелердің бірі. Бұл күні кішкентайларға Рождестводан да көп сыйлықтар беріледі.

Содан кейін Хорхе Гарралда және «El Juguetón» жобасын құрды, осыдан кейін балалардың ешқайсысы өздері жақсы көретін мерекеде сыйлықсыз қалмайды. Қайырымдылық акциясы жыл сайын желтоқсан айының басында өткізіледі және оған әркім қатыса алады.

Биылғы жылы Dimash Qudaibergen Mexico фан-клубы қазақстандық орындаушының атынан балаларға ойыншықтар сыйға тартып, осы тамаша науқанға қосылд