Басты бет Dears Димаштың швециялық жанкүйерлері қазақ әдеби кешіне қатысты

Димаштың швециялық жанкүйерлері қазақ әдеби кешіне қатысты

Қыркүйек айында Швецияның Стокгольм қаласында қазақтың ұлы жазушыларының шығармашылығына арналған әдеби поэтикалық кеш өтті. Швециялық Dears жанкүйерлері Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов және Жұбан Молдағалиев шығармаларымен үлкен қуанышпен танысты.

Кешті «Швециядағы Қазақ жастары» қауымдастығы ұйымдастырып, оқу жылының басына орайластырды. Іс-шараның барлық қонақтары қазақ әдебиеті мен поэзиясының негізін қалаушылармен танысты, ал Димаштың жанкүйері Петра Йохфур швед тіліне аударылған қазақ классиктерінің шығармаларын оқумен қатысқандардың барлығын таң қалдырды.

«Швед жанкүйерлері әрдайым Қазақстанның әдебиетімен, дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға қуанышты, сондай – ақ «Швециядағы Қазақ жастарына» тамаша және керемет іс-шара үшін үлкен алғыс білдіреді», – деп бөлісті Димаштың Швед фан-клубының жанкүйерлері.