Басты бет Dears Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala байқауына қатысушыларды қолдауға келді

Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala байқауына қатысушыларды қолдауға келді

Польшадан, Ресейден және Қазақстанның түрлі қалаларынан Dears Baqytty Bala 2022 фестивалінің жас қатысушыларын қолдау үшін Ақтөбеге келді.

12 тамызда Варшава, Уфа, Новотроицк, Мәскеу, Санкт-Петербург, Орал, Шымкент және Ақтөбеден келген Димаштың жанкүйерлері Baqytty Bala IV балалар вокалдық байқауының басталуына арналған баспасөз конференциясына қатысты.

Baqytty Bala-ға Варшавадан келген Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының жетекшісі Тереза Какол ұйымдастырушыларға осындай тамаша фестивальді өткізгені үшін алғысын білдірді:

«Биылғы Baqytty Bala байқауына Польшадан келген вокалист Юлианна Китова қатысып отырғанына біз өте қуаныштымыз. Әр қатысушыны шынымен бақытты ететін осындай керемет фестиваль үшін барлық ұйымдастырушыларға рахмет!”.

Башқұртстаннан келген Димаштың жанкүйері байқауға қатысу және жас вокалистерді қолдау үшін Уфадан Ақтөбеге автокөлікпен келгенімен бөлісті:

«Біз, Dears, сіздің Baqytty Bala байқауыңызды қолдауға келдік. Қазір Ақтөбе жерінде екендігімізге бақыттымыз. Ақтөбе-Dears үшін Қазақстанның астанасы. Біз бәріміз Димаштың Отанына жетуді және шығармашылық өмірге алғашқы қадамдарын жасаған сіздің тамаша филармонияңызды көруді армандадық».