Басты бет Dears DQFCB су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін қайырымдылық акциясын өткізді

DQFCB су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін қайырымдылық акциясын өткізді

2022 жылдың 3 шілдесінде Димаш Құдайбергеннің фан-клубы DQFCB Пернамбукудағы су тасқынынан зардап шеккен 26 отбасына азық-түлік таратты.

2022 жылдың мамыр айының соңында Бразилиядағы Пернамбуку штатында нөсер жаңбыр жауды. Табиғи апаттардан туындаған көшкін мен су тасқын салдарынан бүкіл аймақта 50-ден астам қала зардап шекті. Көптеген тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 4 мыңға жуық адам баспанасыз қалды.

Маусым айында Бразилияда Димаш Құдайбергеннің фан-клубы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлады.

Бір апта ішінде Dears ортақ күш-жігерімен 1450 реал (~130500 теңге) жинады, оларға азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар сатып алынды.

2022 жылдың 3 шілдесінде фан-клуб мүшелері Ясмим Габриэлли мен зорая Альвес Пернамбуку штатының Игарасу қаласынан 26 отбасына азық-түлік тапсырды.

Димаштың Бразилиядағы Фан-клубы қайырымдылық акциясына қатысқан барлық жанашыр Dears-ке шын жүректен алғыс білдіреді, сондай-ақ осы қиын-қыстау кезеңде барлық мұқтаж адамдарға одан әрі көмек көрсетуге дайын екендігін білдіреді.