Басты бет Dimash World Екатеринбург Димаштың әнімен тыныстады

Екатеринбург Димаштың әнімен тыныстады

23 ақпан күні Екатеринбург-Экспо концерт залы қошеметке толы шапалақ пен айғайға, қолдап, қолпаштаған көпшіліктің үніне толды. Бұл Димаш Құдайбергеннің алдағы қойылымы да осындай деңгейде өтетіндігін айғақтайды.

Бес мың көрерменге арналған залда ине шаншар орын болған жоқ. Әншінің дауысы мен аспаптардың дыбысын керемет жеткізетін керемет акустика атмосфераны өзгеше күйге бөледі.

Әр түрлі жастағы көрермендер әртістермен бірге қосыла шырқап, керемет хор жасады. Концерт залы біртұтас үйлесімді механизм сияқты әсер қалдырады. Бүгін мұнда барлығы бірдей сезімге бөленіп, нағыз классикалық өнерге тәнті болды.

Концерт сәтті өтті. Бұған залдағы атмосфера мен жанкүйерлердің Димашты сахнадан жібергісі келмеген қошеметтері дәлел бола алады. Бұл күнгі эмоциялар ұзақ уақыт бойы барлық көрерменнің жүрегін жылытатыны да анық.

Концертің фоторепортажымен бөлісе кетейік.