Басты бет Dimash World «Fly Away» музыкалық платформаларда қол жетімді

«Fly Away» музыкалық платформаларда қол жетімді

21 қыркүйекте барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаштың «Fly Away» («Ұшамын») атты жаңа композициясының концерттік нұсқасы жарыққа шықты.

19 тамызда Сочи Олимпиадалық саябағында «Жаңа толқын 2021» халықаралық танымал музыка орындаушыларының байқауы нағыз музыкалық мерекемен басталды. Фестивальге қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысқан Димаш Құдайберген онда өзінің үш Премьерасын ұсынды. Әрқайсысы өзіндік ерекше стильде.

Іс-шараның ашылуында әнші шығыс стиліндегі «Stranger» композициясын ұсынды, ал 24 тамыз «Премьра күнінде» «Fly away» динамикалық әнін орындады.

Бұл тректі қазақстандық авторлар – музыкант Еділжан Ғаббасов пен БЭК-вокалист орындаушысы Джордан Аракелян жазды.

Бүгін «Fly Away» әнінің концерттік нұсқасы Spotify, Boom, iTunes, YouTube Music, Yandex және басқа да музыкалық сандық платформаларда қол жетімді.

Композицияны келесі сілтемеден таба аласыздар: http://music.yoola.com/frzSq