Басты бет Dimash World «Ғарыш үні астында»: Сочи әуежайында Димашты қалай қарсы алды

«Ғарыш үні астында»: Сочи әуежайында Димашты қалай қарсы алды

Бүгін, 19 тамызда Сочиде «Жаңа толқын» фестивалі басталады. Димаш Құдайберген Адлер әуежайына келіп, онда Сочидегі Dear-лар мен курорт қонақтары әншіні ерекше қарсы алды.

Димашты әуенмен қарсы алу жанкүйерлер арасында дәстүрге айналған. Бұл жолы Адлер әуежайында глюкофон дыбыстары қалықтап, құлақ құрышын қандырды. Жапырақ тәрізді барабан дыбысы мен және қоңырау сыңғыры ерекше әсерге бөледі.

Dear-лар қолындағы аспаптар үні үйлесім тауып, ұмытылмастай сезім тудырады. Бұл ерекше жылы кездесу болды.

Әуежайдан әуенмен қарсы алған Dear-лардан Димаш өзін таңқалдырған аспап туралы сұрап, олармен кездескеніне шын көңілімен қуанғанын айтты. Ал жанкүйерлер
оған фестивальдің әр концертіне баруға уәде етті.