Басты бет Dimash World «I when I’ve got you»: YouTube hot 100

«I when I’ve got you»: YouTube hot 100

1 наурызда Қазақстанда «Алғыс айту» күніне орай Димаш және DimashAli шығармашылық орталығының ұжымы қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірген Димаштың жанкүйерлеріне шексіз алғысын білдіреді!

«When I’ve got you» әніне түсірілген жаңа бейнебаян бірнеше күннің ішінде 600 мыңнан астам қаралым жинап, тыңдармандар бейнебаянның астына 20 мыңнан астам пікір қалдырып, премьераны қызу талқылап жатыр.

Музыкалық бейне Қазақстан, Ресей, Беларусь, Мексика, Чили, Аргентина елдеріндегі жаһандық YouTube Trending Worldwide рейтингі мен YouTube трендтерінің 100 үздік тізіміне және чехиялық ÓČKO CHART хит-шеруіне енді. Сондай-ақ, алғаш рет бейнебаян Димаштың Түркиядағы баспасөз конференциясында көрсетілген кезде Түркияның көптеген БАҚ көздері премьера турасында көрермендердің ерекше ықыласы туралы қайта-қайта жазды.

«Жаңа туындыңды алғаш рет орындаған кездегі эмоцияны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мұндай кезде мені тек өнер адамдары мен композиторлар ғана түсінетін шығар. Себебі, сол сәттегі ішкі әлеміңдегі болып жатқан толғаныстарды қазір сөзбен түсіндіре алмаймын. Ал, өз шығармашылығың жайлы пікірлерді естіп-көргенде, әлемде сенен асқан бақытты жан табыла қоймас. Өйткені, сүйікті тыңдармандарым, менің жарыққа шығып жатқан өнер туындыларымның барлығы тек сіздерге арналады».
Димаш Құдайберген. Баспасөз конференциясы, 26.02.24, Стамбул, Түркия.