Басты бет Dimash World Игорь Крутойдың қалжыңы

Игорь Крутойдың қалжыңы

Димаш Құдайберген Дюссельдорфта Игорь Крутойдың жеке концертінде өнер көрсетті.
30 қараша күні Германияда Игорь Крутойдың 65 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті. «Бұл өмірде 65 бір-ақ рет болады» деп аталатын кеште әнші барлық жанкүйерлері білетін және сүйетін туындыларын орындады. ISS DOME-да Дюссельдорфтағы кең ауқымдағы концертке мерейтой иесінен бөлек, әлем елдеріне танымал, көрнекті әртістер қатысты. Олардың қатарында Ирина Аллегрова, Филипп Киркоров, Ани Лорак, Николай Басков, Ангелика Варум, A`Studio тобы және қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайберген бар. Игорь Крутоймен бірге ән шырқаған Димаш Құдайбергенді көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Көрермендер жерлесімізге орындарынан тік тұрып қол шапалақтады. Үлкен сахнада сөз сөйлеген Игорь Крутой «Мен Димаштың кешінде отырғандай күйде тұрмын», деп қалжыңдады.