Басты бет Әлем Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димаш туралы жазба қалдырды

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димаш туралы жазба қалдырды

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман Димашқа оның шығармашылығы үшін алғысын білдірді.

24 маусымда Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман өзінің ресми Instagram-парақшасында Димаштың орындауындағы «late Autumn» («Кеш келген күз») әнінің бейнекөрінісін жариялады.

Индонезиялық мемлекет қайраткерін қазақстандық әншінің осындай керемет композицияны орындауы таң қалдырды.

«Димашқа аты аңызға айналған «late Autumn» әні үшін үлкен рахмет! Бұл керемет жоғары ноталар. Мен үшін бұл менің Отаным туралы ән. Рахмет!»

Фаджрул Рахман – 2019 жылдан бастап Индонезия президентінің баспасөз хатшысы. Бұл қызметке кіріспес бұрын ол қоғам белсендісі, саясаткер және жазушы ретінде танымал болған.