Басты бет Dears Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

Индонезияда Қазақстан мен Димашқа арналған көрме өтеді

2022 жылғы 29 маусымда Джакартадағы «Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында» Орындаушыға және оның Отанына арналған «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтеді.

2022 жылғы 29 маусым мен 8 шілде аралығында өтетін іс-шараны Димаш Құдайбергеннің Индонезиялық фан-клубы Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігімен және Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Индонезиядан келген Dears бұл мүмкіндікке қатты қуанды, өйткені бұл іс-шара индонезиялықтардың көпшілігіне Қазақстанның мәдениетімен және Димаштың дауысымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достықты нығайтады.

Көрмеде Қазақстанның керемет сұлу табиғатының фотосуреттері, сондай-ақ жергілікті Индонезиялық суретшілер жасаған түрлі өнер туындылары ұсынылады. Сонымен қатар, көрменің бірінші күні кітапхананың бас залында Димаштың концерттерінің бірінің көрсетілімі өтеді.

Іс-шара барлық ниет білдірушілер үшін тегін және ашық. Толық ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://www.instagram.com/dimash_indonesia/