Басты бет Dears Индонезиялық Dears жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қаражат жинауды ұйымдастырды

Индонезиялық Dears жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қаражат жинауды ұйымдастырды

Қараша айының соңында Индонезияның Чианджур аймағында 1000-нан астам адам зардап шеккен үлкен жер сілкінісі болды. Димаштың жанкүйерлері Dompet dhuafa гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып, апаттан зардап шеккендердің барлығына көмек ретінде қаражат жинауды ұйымдастырды.

2022 жылдың 21 қарашасында түстен кейін Индонезияның Батыс Ява штатындағы Чианджур аймағында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Ол бүкіл Ява провинциясының көп бөлігінде, астанасы Джакартаға дейін сезілді.

Табиғи апат үлкен зардаптарға әкеліп соқтырды, тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелерді қиратты. 4 желтоқсандағы жағдай бойынша 37 мыңнан астам үй зақымданды, 334 адам қаза тапты, 8 адам хабар-ошарсыз кетті, 593 адам жарақат алды.

Dimash Indonesia Dears фан-клубының Димаш жанкүйерлері шетте қала алмады және зардап шеккендерге және олардың отбасыларына көмектесу үшін Dompet dhuafa гуманитарлық ұйымымен бірлесіп қаражат жинауды ұйымдастырды. Қаражат жинау 31 желтоқсанға дейін жергілікті және халықаралық қайырымдылықтар үшін ашық.