Басты бет Dimash World Испанияда Димаштың туындысы шабыт сыйлап, нәтижесінде манга пайда болды

Испанияда Димаштың туындысы шабыт сыйлап, нәтижесінде манга пайда болды

6 наурызда Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде «Ғарыш дауыстары» атты жаңа мангасын басып шығарды.

“Voices of space” (“Ғарыш дауыстары”) 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей дауысымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды.

Манганың авторы – Испаниядан келген дарынды суретші Альберто Митя, Димаштың шығармашылығымен 3 жыл бұрын танысқан. Оны манга жасауға Димаштың орындауындағы «S.O.S» әні шабыттандырған.

«Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. “Voices of space” – басты кейіпкер, ғарыштық жарыстарда өз дауысымен сайыстарға түсетін басты кейіпкер туралы фантастикалық және фэнтезий манга», – деп бөлісті Альберто Митя.