Басты бет Басты жаңалық «Хабар» телеарнасында Baqytty Bala-2021  

«Хабар» телеарнасында Baqytty Bala-2021  

Бүгін, 1 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 21:30-да «Хабар» телеарнасында Baqytty Bala балалар вокалдық байқауы туралы деректі фильм көрсетіледі.

2021 жылдың 7-11 тамызы аралығында Димаштың туған қаласы Ақтөбе қаласында Baqytty Bala («Бақытты бала») балалар вокалдық байқауының III маусымы өтті.

Ақтөбенің басты сахнасы болып табылатын «Өнер орталығы» концерт залында әлемнің 6 елінен келген 19 жас талант өздерінің керемет вокалдық және сахналық шеберліктерін көрсетті.

11 тамызда ауқымды түрде аяқталған салтанатты Гала-концертте «Витебскідегі Славян базары» фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова, танымал өзбек әншісі, байқаудағы қазылар алқасының мүшесі Сильвия Де Оноре (Андрианалариманга), «Голос. Дети» 6 маусымының жеңімпазы Ержан Максим, Junior Eurovision байқауының II орын иегері Қарақат Башанова және Димашпен бірге оның жеке концерттерінде өнер көрсеткен, сонымен қатар Baqytty Bala байқауының өткен маусымдарының жеңімпаздары Наргиз Жанұзақ және Айкерім Тілеубек өнер көрсетті.

Биыл бас жүлдені Тараздан келген дарынды вокалист Айлун Аушева жеңіп, 1 миллион теңге жүлдеге ие болды.

Байқаудың ең қымбат жүлдесін, Димаштың концертіне жолдама және онымен бірге бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігін I орын иегері, Нұр-Сұлтан қаласынан келген харизмаға толы Адель Кунадилова жеңіп алды.

Baqytty Bala-2021-дің ең жарқын сәттері, жас вокалистер мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін бүгін Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 21:30-да «Хабар» телеарнасынан көріңіздер.

Телеарнаның тікелей эфирі төмендегі сілтемеде қолжетімді: https://khabar.kz/ru/programma/live