Басты бет Dears Латвияда «Qazaqstan» рододендроны пайда болды

Латвияда «Qazaqstan» рододендроны пайда болды

Қазақстандық орындаушының латвиялық фан-клубы өтініші бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Латвияда «Qazaqstan» атты рододендронның жаңа сорты шығарылды, деп хабарлайды DimashNews.

2021 жылғы 21 мамырда Латвия университетінің «Babite» рододендрондар саябағында Қазақстан бұрышы ашылды. Іс-шара Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ «Qazaqstan» рододендронының тұсаукесеріне арналған. Өсімдіктің жаңа сортын Латвияның бас селекционері Гунита Риекстыня Димаш Құдайбергеннің латвиялық жанкүйерлер клубының өтініші бойынша ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әншінің туған күніне орай өсірді.

Іс-шара аясында саябақтың бас аллеясында құрылған Қазақстан бұрышында «Qazaqstan», «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» сұрыптарының рододендрондары отырғызылды. Соңғы екі сорт 2020 жылы өсіріліп, Димаш пен оның әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне аталған.

Салтанатты шараға Латвиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулы Қайрат Қамбаров, «Babite» саябағы мен селекциялық питомнигінің басшылығы, Латвиядағы «Сәуле» қазақстандықтар қауымдастығының және Димаш Құдайбергеннің «Dimash Latvia Dears» латвиялық жанкүйерлер клубының мүшелері, сондай-ақ Латвияның мәдениет және өнер саласының қызметкерлері қатысты.

Елшілік өкілі Димаштың фан-клубы мен саябақ басшылығына Қазақстанды және оның Еуропалық Одақтағы мәдениетін насихаттаудағы үлкен жұмысы үшін алғыс айтып, Dears-ке латын тіліндегі «Абай жолы» кітабын табыс етті.

«Qazaqstan» рододендрон сорты – бұл 200 жылға дейін өмір сүретін, көгілдір аспан аясында Қазақстанның Мемлекеттік Туын еске түсіретін бейне жасайтын сары-алтын түсті ірі гүлдері бар көпжылдық өсімдік.

«Babite» рододендрон саябағы және оның жанындағы асылдандыру станциясы – Балтық жағалауындағы жалғыз және Еуропадағы ең үлкені. Олар ең әдемі жер Рига мен Юрмала арасындағы 12 гектар аумақта орналасқан. Саябақта осы керемет патша гүлдерінің 350-ден астам сорттары өседі.

«Qazaqstan» сортында Латвия сертификаты бар, сондай-ақ ол британдық корольдік бағбандар қоғамында тіркелетін болады. Жақын арада жаңа рододендрондардың көшеттерін алу жұмыстары басталады.

Питомниктің бас селекционері Гунита Риекстыня бұл оқиғаның қалай жүзеге асқандығы туралы айтты:

«Өткен жылы Димаштың жанкүйерлер клубының өтініші бойынша әншінің туған күніне орай біз рододендрондардың «Dimash Qudabergen» және «Miuaniz» екі жаңа сұрыптарын сертификаттадық. Біраз уақыттан кейін латвиялық Dears бізге осы жылы Қазақстан үшін мерейтойлық жаңа сортты сертификаттауға және оған «Qazaqstan» атауын беруге болады ма деген сұрақпен жүгінді. Бұл оңайға соқпайды әрі аз уақытта жүзеге асатын процесс емес».

Осы уақытқа дейін питомникте ашық сары-алтын гүлдері бар жапырақты аязға төзімді рододендрон сорттары алынды, ол Қазақстан астанасының күрт континентальды климатына ғана емес, сонымен қатар гүлдену кезінде аспан аясында да елдің Мемлекеттік Туын еске түсіреді.

«Жоғарыдағы ұйымдармен келісіп, барлық рұқсаттарды алғаннан кейін әлемде осы патша гүлінің «Qazaqstan» атты жаңа сорты пайда болды. Қазір Латвиялықтардың өте жақсы көретін осы әдемі елмен байланысты үш сорт бар. Осыдан кейін саябақтың басшылығы оларды басты аллеяға отырғызуға, сонымен қатар Қазақстанның бұрышын құруға шешім қабылдады», – деп түсіндірді Гунита Риекстыня.

«Dimash Latvia Dears» фан-клубының өкілі Марина Улмане де іс-шараға байланысты өз эмоцияларымен бөлісті:

«2020 жылы Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өткеннен кейін, алдағы жылдың ел үшін мерейтойлық жыл болатынын есте ұстай отырып, біз Димаш үшін де, оның бізді де ғашық еткен әсем Отаны үшін де сыйлық туралы ойлай бастадық. Бізге бірден Гунита Риекстыняға тағы да Қазақстан Республикасының құрметіне корольдік гүлдердің тағы бір сортын атау туралы өтініш білдіру идеясы келді. Ол сары-алтын гүл шоқтары бар рододендронды сертификаттауға болатындығын айтқан кезде біздің қуанышымызда шек болмады. Ал шын мәнінде – «Babite» саябағында Қазақстан бұрышын ашу туралы сөз болғанда, біз өте бақытты едік. Бізді осы игі және барлық адамдар үшін өте қажет істе қолдағандардың барлығына үлкен рахмет!»

Іс-шара барысында Dears Гунитаға олардың арманын жүзеге асыруға көмектескені үшін үлкен алғыс белгісі ретінде «DQ» иіссуын табыс етті.

«Babite» саябағында Қазақстан бұрышының ашылу және «Qazaqstan», «Dimash Qudaibergen» және «Miuaniz» рододендрондарының үш сұрпын отырғызу салтанатты шарасы Димаштың орындауындағы қазақ әндерімен сүйемелденді. Қонақтар латвиялық Dears-тің бірі жасаған қазақтың ұлттық бауырсағынан дәм татты.