Басты бет Dears Мексика радиосында «Димаш әлемі» атты арнайы бағдарлама пайда болды

Мексика радиосында «Димаш әлемі» атты арнайы бағдарлама пайда болды

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күнін мерекелеу құрметіне және көктем айының басталуына орай Мексиканың Andromeda radio радиостанциясында Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама эфирге шықты.

Димаштың әндері алғаш рет 7 ақпанда Мексика радиостанциясында айтылды. Бұл әртістің Mafia Dear халықаралық фан-клубының арқасында мүмкін болды.

Эфир тыңдаушылар арасында үлкен жетістікке жетті, осыдан кейін Andromeda Radio жүргізушілері қазақстандық орындаушыға арналған жаңа бағдарлама құруға шешім қабылдады. Көп ұзамай ол Universo Dimash («Димаш әлемі») атауын алды.

Жаңа музыкалық бағдарлама Димаштың музыкасына ғана емес, Қазақстанның мәдениетіне де арналған. Andromeda Radio өзінің 14 жылға жуық тарихында алғаш рет бір ғана әртіске бағдарлама арнады.

Енді «Димаш әлемі» бағдарламасы ай сайын таратылып, 2 сағатқа созылады. Бағдарламаның бірінші шығарылымында Орындаушының Zhalyn, Screaming, Ikanaide, Durdaraz, Stranger, Daididau, Omir Oter, Samaltau, Mademoiselle Hyde және т.б. әндері шырқалды. Бағдарламаның жүргізушісі Аргентиналық Алехандра Джоджия болды.

Andromeda Radio – бүкіл әлем бойынша таратылатын онлайн-радиостанция. Радиода Америка мен Еуропаның әр түрлі елдерінен 60-тан астам диктор хабар таратады. Радиостанцияның негізгі мақсаты-әлемдік өнер мен мәдениетті насихаттау.