Басты бет Dimash World Мұқабада Димаштың суреті бар Esquire журналын қайдан және қалай алуға болады

Мұқабада Димаштың суреті бар Esquire журналын қайдан және қалай алуға болады

Esquire Kazakhstan редакциясы DimashNews.com-ға танымал орындаушыға арналған мұқабасы бар журналдың жаңа нөмірі қайда таралатынын айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы Esquire журналының мамыр айындағы нөмірі мұқабада Димаш Құдайбергеннің фотосуретімен шыққан болатын. Басылымның ішінде танымал қазақстандық әншінің шығармашылық жолы туралы материалдар бар. Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері үшін Esquire Kazakhstan баспа нұсқасын қалай сатып алуға болатыны туралы толығырақ хабарлаймыз.

Алматыда Esquire журналдарын қайдан сатып алуға болады
1. Magnum Cash & Carry, Galmart, a-Store супермаркеттер желісі;
2. MEGA Alma-Ata СОО, «Ритц-Палас», «АДК»;
3. Esentai Gourmet және «Астаналық» супермаркеттері;
4. «Керуен» дүңгіршектері;
5. Алматы қ., Зенков к-сі, 22, 6 қабат мекенжайындағы журналдың редакциясы.

Нұр-Сұлтанда Esquire журналдарын қайдан сатып алуға болады
1. «Керуен» СОО
2. «MEGA» СОО
3. «Кеңмарт» Гипермаркеті

Esquire журналын басқа қалаларға жеткізу

Басқа қалаларға жеткізуге тапсырыс беруді s.omarov@pmgroup.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асыруға болады.