Басты бет Dears Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған дейінгі роликтерді Dears «Бір аспан астында – біз бейбіт өмірді таңдаймыз» жобасы аясында ұйымдастырған болатын.

Dears ұйымдастырған «Бір аспан астында – біз бейбіт өмірді таңдаймыз» ауқымды жобасы 2023 жылдың қазан айында басталды. Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері бейбітшілікке шақыратын арнайы жейделерді киіп, бейнеролик түсіріп, ерекше дүниелер жасаған болатын.

Нәтижесінде 24 қаңтарда Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең танымал TSX билбордтарының бірінде 10 бейнеролик түсіріліп, көрсетілгені белгілі.

Жоба 2024 жылдың 17 сәуірінде жалғасын тауып, бұл жолы Димаштың 24 мамырда Ыстамбұлда өтетін алдағы мерейтойлық концертіне арналды.

Билеттерді төмендегі сілтеме арқылы сатып алуға болады: