Басты бет Dimash World Димаштың Қазандағы концерті қалай өтті?

Димаштың Қазандағы концерті қалай өтті?

20 ақпан күні Димаш Құдайберген «Арнау» туры аясында Татарстанның астанасы Қазан қаласына барды. Қазақстандық әншінің 10500 орындық «Татнефть» мұз айдынында өткен концертінде спорт сарайы жанкүйерлерге толы болды.

Әдеттегідей, жерлесімізді көпшілік зор қошеметпен қарсы алып, кеш көңілді өтті. Ал көрермен сезімге толы сыршыл әндерге, махаббат мұңын шертетін бірегей әуендерге, көңіл толқынын тербеткен билерге куә болды.

Айта кетейік, қазандықтар қазақстандық әншіні ата-анасымен бірге аэропорттан салтанатты жағдайда күтіп алған болатын. Қарсы алған көпшіліктің арасында еңбек ардагерлері де болды. Олар мұндағы кездесуге үлкен дайындықпен келген, олардың қолдарында үлкен бәліш, гүлдер, сыйлықтар, сонымен қатар башқұрт халқының музыкалық аспабы құрай да бар. «Димаш, Татарстанда сізді қатты тостық. Кезекті рет. Сізді қатты жақсы көреміз», деп айқайлады жанкүйерлер.

Оқырман назарына аталған концерттен фоторепортаж ұсынамыз.