Басты бет Dimash World SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер көрсететіні үшін алғыс...

SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер көрсететіні үшін алғыс білдіреді

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала және SCI іс-шарасының тең төрағасы Кристина Варнке Димашқа АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығына қатысқаны үшін алғысын білдіретін бейнежолдауын жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Димаш Құдайберген 2021 жылдың 17 қаңтарында Америка Құрама Штаттарында сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясына арналған SCI ’іс-шарасында өнер көрсетеді деп жарияланды.

Дәстүрлі түрде іс-шараны 1956 жылы АҚШ – тың 34-ші президенті Дуайт Д.Эйзенхауэр құрған бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – sister Cities International өткізеді.

Бүгінгі таңда SCI әлемнің 130-дан астам еліндегі 2500-ге жуық қаланы біріктіреді. Жыл сайын ұйымға мүше мыңдаған азаматтар достықты нығайту, мәдени өзара түсіністікті тереңдету және бүкіл әлем бойынша демократия ілгерілету мақсатында ақпарат пен идеялар алмасады.

«Димаш, сізге ынтымақтастығыңыз үшін, бүкіл әлем бойынша адамдарды біріктіретін көпірге айналған керемет дауысыңыз бен талантыңыз үшін үлкен рахмет», – деді Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала.

SCI іс-шарасының тең төрағасы Кристина Варнке өз кезегінде Лерой Аллал мен Димаш мырзаға олардың жұмысы мен өз істеріне деген адалдығы үшін алғыс айтты.

Кристина Варнке музыкантқа арнаған сөзінде оған іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдіре отыра, барлығының бұл оқиғаны асыға күтетіндерін атап өтті.