Басты бет Dimash World «Славян базары-2021» конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

«Славян базары-2021» конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

16 шілдеде Илья Репиннің «Здравнёво» мұражай-үйінде «Славян базары» ХХХ өнер фестивалінің қатысушыларына жеребе тарту рәсімі өтті.

И. Е. Репиннің «Здравнево» мұражайы Витебскіден он алты шақырым жерде, аты аңызға айналған суретшінің иелігінде орналасқан.

Дәл осы жерде, 1892 жылдан 1900 жылға дейін Илья Репин сегіз жазғы маусымын өткізіп, қырықтан астам полотнолар, эскиздер мен суреттер салған.

Жеребеге атақты өнер өкілдері – қазылар алқасының мүшелері: итальяндық әнші және музыкант Мишеле Пома, Молдованың халық әртісі Константин Москович, ресейлік әнші және композитор Сергей Пенкин, Украинаның халық әртісі Таисия Повалий, «Ottawan» тобының солисі Патрик Жан-Батист және қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысты.

Конкурсқа қатысушылар фестиваль эмблемасы бейнеленген кәдесый қораптарындағы  нөмірлерді және барлық орындаушылар байқауының жеңімпаздарының жазбалары жазылған флэш-картаны алды. Таңдалған нөмір вокалдық сайыстың екі күнінде де бірдей болады.

Байқау бағдарламасын Украина өкілі Рената Штифел ашады. Қазақстандық әнші Рухия Байдукенова сегізінші ретпен өнер көрсетеді.

Барлық қатысушылар жеңіске жетуге бел буып, өз дауыстары мен қойылымдарын көрермендер мен қазылар алқасын бағындыру үшін бар күш-жігерін салып көрсетуге дайын.