Басты бет Dimash World «Stranger» өз жолын жалғастыруда: Димаштың Еревандағы алғашқы жеке концерті

«Stranger» өз жолын жалғастыруда: Димаштың Еревандағы алғашқы жеке концерті

«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаштың жаңа жеке концерті туралы хабарлайды. Ауқымды шоу 2023 жылдың 29 сәуірінде Армения астанасы Ереванда өтеді.

Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концертінде алғаш рет ұсынылған «Stranger» концерттік бағдарламасын көрермендер жылы қабылдап, қыркүйектегі ең көп талқыланатын оқиғалардың біріне айналды.

Сапарды туған Қазақстаннан бастаған «Stranger» Армения астанасы Ереванда өз жолын жалғастырады. Концерт Еревандағы ең ірі құрылыстарының бірі – Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде өтеді.

Билеттерді сату 28 желтоқсанда басталады. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!