Басты бет Dears Таймс-скверде Димаштың Гонконгта өтетін жеке концертін қолдауға арналған бейнеролик ұсынылды

Таймс-скверде Димаштың Гонконгта өтетін жеке концертін қолдауға арналған бейнеролик ұсынылды

Өткен демалыс күндері Нью-Йорктегі Таймс-сквердің әйгілі экранында Димаш Құдайбергеннің бірден үш жарнамалық бейнеролигі көрсетілді.

Дүние жүзіндегі үлкен LED экрандарда Димаштың шығармашылығын қолдау Dears арасында дәстүрге айналды.

Бүгінгі таңда Нью-Йорктегі танымал және ең үлкен TSX билбордында қазақстандық орындаушымен 10-нан астам бейнеролик көрсетілді.

Димаштың Чилидегі фан-клубынан соңғы рет 2023 жылдың 27 қазанында көрсетілді. Ал өткен демалыс күндері бір уақытта үш бейнебаян ұсынылды: екеуі фан-клубтың мерейтойына орай Димаштың испандық жанкүйерлерінен және екіншісі әртістің Гонконгта өтетін жеке концертіне қолдау көрсету үшін Mexican Dears-тен.

Естеріңізге сала кетейік, Димаштың Stranger әлемдік туры аясында жаңа жеке концерті 2023 жылдың 23 желтоқсанында Гонконгта өтеді. Ауқымды шоу Гонконг Көрме орталығында сағат 20.00-де өтеді.