Басты бет Басты жаңалық «Түркістанды көргім келеді»

«Түркістанды көргім келеді»

14 маусымда Turkistan телеарнасы Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, жеңімпаздары Қазақстанның рухани астанасында ұмытылмас 3 күн өткізетін байқау жариялады.

Тарихы 2 мың жылға жуық киелі Түркістан қаласы Қазақстанның да, бүкіл Орталық Азияның да ең маңызды тарихи және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Дәл осы қала Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесі болды, Қазақ хандығының астанасы болды және осы күнге дейін бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы болып қала береді.

Мұнда керемет сұлулығымен әлемнің түкпір – түкпірінен туристерді тартатын қаланың басты назар аударарлық орны болып табылатын Ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Бүгінгі таңда кесене ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.

14 маусымда Turkistan телеарнасы Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, қасиетті қаланың сұлулығын өз көзімен көруге мүмкіндік беретін байқау жариялады.

Байқауға қатысушылар Түркістанды неге көргісі келетінін айтып, бір минуттық бейне түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында #түркістандықөргімкелді хештегімен жариялауы қажет.

Қызықты бейне дайындаған 5 қатысушы келесі-екінші кезеңге өтеді. Үздік бейне baiqau.turkistan.tv аудиторияның дауыс беруі арқылы сайтта анықталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді келесі сілтеме бойынша беру қажет: https://baiqau.turkistan.tv/?page_id=199

Екінші кезеңге өткен жеңімпаздар Fly Arystan әуе компаниясының ұшағымен Түркістанға ұшып келеді және Rixos Turkistan 5 жұлдызды қонақ үйінде тегін тоқтайды. Одан кейін «Көne» арнайы туры – Қазақстанның рухани астанасының бүкіл тарихы арқылы өтетін маршрут күтіп тұр.