Басты бет Dimash World Ұлыбританияның ең танымал музыкалық басылымдарының бірі Димашты әлемдегі ең үздік дауыс деп...

Ұлыбританияның ең танымал музыкалық басылымдарының бірі Димашты әлемдегі ең үздік дауыс деп атады

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Ұлыбританияның әйгілі The Music Man интернет-порталында Димашқа арналған мақала жарияланды.

«Димаш Құдайберген: әлемдегі ең үздік дауыс» атты басылымда әртістің өмірі мен оның алғашқы байқаулардан бастап стадиондардағы үлкен концерттерге дейінгі шығармашылық жолы егжей-тегжейлі баяндалады.

Мақаланың толық мәтінін келесі сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.themusicman.uk/dimash-kudaibergen

The Music Man («Музыкант») басылымы бүкіл әлемдегі талантты музыканттар туралы жазады және Ұлыбританиядағы ең танымал және беделді музыкалық басылымдардың бірі болып табылады.

Facebook-тің ресми аккаунтындағы оларға жазылғандардың саны 2,9 миллион адамға жетеді.