ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Dimash World Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Димашты жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды

Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайы өзінің тарихында көптеген танымал тұлғалар мен жарқын кездесулердің куәсі болғаны анық. Алайда АҚШ-тың ең ірі әуежайларының бірде-бірінде алыстағы Қазақстанан келген әншіні дәл бұлай, үлкен салтанатпен қарсы алмаған болар. Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ге тарта жанкүйері гүл шоқтарымен күтіп алды, деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі
Әртүрлі мемлекеттен жиналған көпшіліктің арасында жасы да, кәрісі де бар. Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбірейді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлері қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық ұшудан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік үшін фотоға түсті.
Еске сала кетейік, Нью-Йорктегі 19 мың көрерменге арналған Barclays Center-де болатын Димаштың концерті жергілікті уақытпен 9 желтоқсан күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 10 желтоқсан күні өтеді.
Димаш «Arnau tour ENVOY» аясындағы сапарының жаңа бағдарламасымен өнер көрсетеді деп күтілуде. Әншінің өзі бұрын айтқандай, концерттік бағдарлама көрермендерге қазақтың төл өнерін қазіргі заманғы интерпретациямен таныстырады.
Димаштың барлық қойылымдарынан ұлттық нақыштар байқалып тұрады. Осыдан жанкүйерлердің әншіні бүкіл әлемге қазақ мәдениеті мен музыкасының хабаршысы деп бекер атамайтынын ұғамыз. Нью-Йорктегі шоудың негізгі тақырыбы – «Космос және Әлемнің шексіздігі». Әрине, бұл шараның әзірге айтылмайтын ақпараттары да бар, олар құпия түрде сақталады.
Бағдарламада Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің де ең жақсы сәттері қамтылған. Сонымен қатар осы бағдарлама үшін арнайы жасалған жаңа туындылар да бар. Димаш әндерді қазақ, ағылшын, орыс және қытай тілдерінде шырқайды.

Соңғы жаңалықтар

Домбыра және опералық вокал – Димаштың «Smoke» атты жаңа трек-әнінің тұсаукесері. Музыкалық продюсер Дмитрий Гордонмен сұхбат

26 сәуірде әлемдік музыкалық платформаларда Димаш Құдайбергеннің «Smoke» атты жаңа трек-әні шықты. Жаңа туындының композиторы – Димаштың өзі болса,...

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...