ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Ғылымдағы қыздардың айы оңынан туған шақ

Ғылымдағы қыздардың айы оңынан туған шақ

Әлем Ғылымдағы қыздардың айы оңынан туған шақ

Ғылымдағы қыздардың айы оңынан туған шақ

DimashNews Natgeo.kz әріптесінің мақалаcымен бөлісуде.

Зерттеудің ертеңінде әйелдердің үлесі басым. Ғылым, технология, инженерия мен математика саласындағы мансапқа қызығатын қыздарға бағыт беретін бағдарламалар білім алушылардың жаңа буынын көбейтіп, алдыңғы буын өкілдеріне тосқауыл болған кей кедергілерге қарсы тұрады.

2019 жылғы ХҒТЖ-да ресейлік оқушы Инна Ларина өзі жасап шығарған визуалдық бақылау құрылғысы мен досы Наталья Ивлиеваға қарап тұр. Сымсыз құрылғы жаяу жүргінші жолындағы жиектас секілді кедергілерге дейінгі қашықтықты көрсететін сенсорлармен жабдықталған. Бұл көзі көрмейтін не нашар көретін жандарға емін-еркін жүріп-тұруға мүмкіндік береді.

Он алты жасар Ширия Рэддидің ғылымға қызықпаған кезі жоқ. Жеті жасында ол медициналық кеңес емтиханына дайындалып жатқан анасымен бірге биология кітаптарын оқыған. Алты оқып жүргенде Редди айтулы ғылыми жәрмеңкелерде бақ сынап жүрді. Тоғызыншы сыныпқа баратын жылдың жазында ол Мичиган штатының Детройт қаласындағы Уэйн мемлекеттік университетінің биоинженерлік зертханасында зерттеу жасай бастайды. Осы жерде ол меланома зақымдарын тез анықтаудың инвазивтік емес әдісін ойлап табады. Өткен жылы мамыр айында аталған жоба беделді Халықаралық ғылыми-техникалық жәрмеңкеде (ХҒТЖ) бас жүлдеге ие болды.

Реддидің табандылығы АҚШ бойынша ғылым, технология, инженерия мен математикада (ҒТИМ) өсуге мүдделі студент қыздардың  еселенген ынта-жігерімен тұспа-тұс келді. Бүгінгі таңда NASA-дан бастап АҚШ әскери-теңіз академияларына дейін білім-ғылым ордалары қыздар үшін ҒТИМ күндерін өткізуде. Мекемелер ҒТИМ-ді таңдаған  аруларды ақыл-кеңес пен тәлімгерлік іздеген қыздармен қосуда. ХҒТЖ іріктелген жоғары сынып оқушылары үшін халықаралық деңгейде бақ сынау мақсатында форум ұсынады. Биылғы жиынға қатысқан 1842 финалисі жыныстары бойынша тең бөлінді, ең жоғарғы төрт марапаттың үшеуін иемдеген бойжеткендер ішінде Редди де бар еді.

Холмдел қаласынан келген Аманда Шайна Ахтекке идея физика сабағы үстінде, ілмекпен тоқып жатқан кезде келіпті.Ол тот баспай­тын болаттан тоқ өткізетін жіпті тізбектеп тоқып, қолдың сіңірлеріне ұқсайтын жұмсақ, созылатын сенсорлар жасап шығарады. Ахтек өзінің киілетін Bluetooth құрылғысы виртуалды шындық секілді технологияларды байыппен енгізуге септігін тигізеріне сенімді.

Америка университеттері ассоциасының президенті, биохимик Мэри Сью Коулман ғылымдағы әйелдердің болашағына сеніммен қарайды. Ол ХҒТЖ-ға жоғары сынып оқушысы ретінде қатысқан 1959 бен 1960 жылдары қатысушылардың шамамен 35% қыз бала болыпты. Өзінің айтуынша, нәзік жандылар ғылыми түйткілдердің түйінін шешуге тың серпін әкеледі. «Өмірлік тәжірибелері бір-біріне ұқсамайтын адамдар бір-біріне ұқсамайтын сұрақтар қояды», – дейді ол. Айқын алшақтық әлі сақталуда. Осы жылы ХҒТЖ-дағы қыз-келіншектер саны микробиология мен биохимия саласындағы еркектер  санынан асты, алайда математика мен инженерлік механика бо­­йынша финалға қатысушылардың ішіндегі бикеш саны 1/3 бөлігіне жетіңкіремей жығылды. «Ғылымдағы әйелдер» қауымдастығының мәлімдеуінше, ҒТИМ саласында арулар ғылыми дәрежеге көбірек қол жеткізуде, алайда профессорлар мен ҒТИМ-ға негізделген өндіріс­тердегі басшылық қызметтердің дені ер азаматтар тізгінінде екен.

Эстер Аньянцва (сол жағында) мен Саломе Нджери көзі нашар көретін және құлағының мүкісі бар адамдарға зат өлшеуге көмектесетін айналмалы диск аппаратын жасап шығарды. Кениядағы замандастары қыздардың ғылыми қабілеттеріне күмәнмен қарайды екен. «Қоғамға бұның қате екенін шынымен дәлелдегім келді», – деді Нджери.

Батыс Вирджинияның Мартинсбург қаласынан келген егіз – Джина (сол жағында) мен Лиза Собиновский тас­бақа түстес мысық түгінің түсімен байланысты Х-хромосома процесі жөнінде өздерінің шығарған тұжырымдарымен бөлісуде: олардың сөзінше олар сүт безі мен жатыр (аналық без) обыры жөнінде түсінік бере алады екен.

«Соған қарамастан, өзгерістер орын алуда, – дейді Society for Science & the Public қоғамының президенті, атқарушы директоры әрі жәрмеңке ұйымдастырушысы Мая Аджмера. – Бұл өскелең ғалымдар үшін бәрі де басқаша болмақ, күрмеуі қиын мәселені шешу үшін қыздардың осы буыны керемет кезеңде екені көңіліме сенімділік ұялатады».

СОЛ ЖАҚ ҮСТІНДЕ: «ХҒТЖ-2019» сайысының жабылуы мен салтанатты марапаттау рәсімі. Сауд Арабиясының Дахран қаласынан келген Шоук Фейсал құрдастарымен бірге көңіл көтеріп жатқан сәті. Экологиялық жобалау категориясы бойынша Мадани 1000 АҚШ доллары көлеміндегі марапатты жеңіп алды. ОҢ ЖАҚ ҮСТІНДЕ: Мичиганның Норс­вильінен келген Шрия Редди меланоманы анықтайтын инновациялық әдісі үшін 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдесін алу үшін сахнаға беттеп барады. «Арманым орындалғандай күйдемін», – дейді ол. СОЛ ЖАҚ ТӨМЕНДЕ: Цзя Альцгеймер ауруына қатысы бар мидың тау-ақуызын бақылаған өзіндік тәсілі үшін Калифорнияның Купертиносынан келген Эллисон 50 000 АҚШ долларын құрайтын бас жүлдеге ие болды. ОҢ ЖАҚ ТӨМЕНДЕ: Айова штатының Сиу Сентерінен келген Джоселин Зоннефельд (ортада) микробиология бойынша бақ сынады. ХҒТЖ қатысушылары жұмыстарының құндылығына қарай іріктеледі.

Авторы: Клаудия Калб, фото: Дина Литовский, nationalgeographic.kz сайты

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиодан шырқалып, өз жалғасын табуда. Сондай-ақ, жақында Сербия,...