ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Талантты тәрбиелеген шаңырақ

Талантты тәрбиелеген шаңырақ

Dimash World Талантты тәрбиелеген шаңырақ

Талантты тәрбиелеген шаңырақ

Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі көшелердің бірінде кәдімгі кеңестік құрылыстың қарапайым ғимараты орналасқан. Жол бойындағы қабырғада музыкалық ноталар жарқырайды, бұл – Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжі.

Димаш Құдайберген бірнеше жыл осында оқыды.

Бірінші қабаттағы фойеде, «Колледждің мақтанышы» тақтасының дәл ортасынан Димаштың портретін көресіз.

Мұнда сіз жұлдызы жанған ұлдың балалық шағындағы суреттері бар фотоальбомды да байқайсыз. Онда көрерменінің сүйіктісіне айналған әншінің атасымен, ата-анасымен бірге түскен, әртүрлі жарыстарда ән салған сәттегі суреттері жинақталған.

Екінші қабаттағы акт залының жанында Димаш пен тағы бір талантты әнші, сол колледж түлегі – Светлана Касянға арналған арнайы композиция тұр.

Үшінші қабатта болашақ танымал әншінің жеке ән айту шеберлігін шыңдаған аудитория орналасқан.

Оның вокал мұғалімі Марат Әйтімов шәкіртінің дарындылығына әрдайым сенетін. «Мен оның дауысы әлемдегі ең биік сахналардан естілетін уақыт келетініне күмәнім жоқ еді», дейтін ол.

Димаштың жетістігінен біраз уақыт бұрын-ақ ұстаз өзінің сүйікті шәкіртінің портретін әлемге әйгілі әншілердің қатарына іліп қойыпты. Уақыт көрсеткендей, мұғалім қателескен жоқ.

Бүгінгі таңда Марат Әйтімовтің студенттері Димаштың жанкүйерлері сыйға тартқан фортепианомен шеберліктерін шыңдайды.

Жанкүйерлер сонымен қатар колледжде бірнеше кондиционер орнатуға демеушілік жасаған.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...